18 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер, сценарист Сұлтанахмет Қожықовтың 100 жылдығына арналған «Қазақ киносының тарланы» атты еске алу кеші өтті.
Шараға Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткерлері Асанәлі Әшімов, Болат Нүсімбеков, Дариға Тілендиева, Сәуле Қожықова, «Казақфильм» киностудиясының қызметкерлері және белгілі театр және кино қайраткерлері қатысты.