+7 (727) 267-28-83

90b275a2 991c 47f8 9ea5 d8c628011814

18 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасында ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Қазақстан Жазушылар одағының  І. Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты Рафаэль Ниязбектің 80 жылдық мерейтойына арналған  еске алу кеші өтті.

 Шараны ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан Өміржанұлы жүргізді.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Еске алу кешіне Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы арнайы келіп, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың құттықтау хатын және ақынның жары Гүлжан Мұхамадиеваға алғыс хатын табыстады. ҚР Мәдениет және спорт министрі Оралов Асхат Раздықұлының құттықтау хатын модератор Жақып Бауыржан Өміржанұлы табыстады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы  Майлыбаев Ғани Айдарұлы Алматы қаласы әкімінің, Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің бас редакторы Қәдірбек Құныпияұлы Алматы облысы әкімінің, Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы Сламбекова Ұлана Сламбекқызы Жамбыл облысы әкімінің құттықтау хаттарын табыстады. «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің бас директоры Дәуіт Оралхан Абдрашұлы ақынның туған жері Талас ауданы туралы «Таңғажайып Талас» атты кітапты ҚР Ұлттық кітапханасының қорына және ақынның жарына сыйға тарту етті.

4ba44ff4 0461 4dd5 b418 9be64457a73c   6ab088ea d217 4a62 8804 acdc3b6d4fec   72b4dacb 3d35 4d7c 8d12 1db40444768d
56b39e6d 55a4 4dd7 a33b fdc4c66bf4d8   1690fab7 ee92 4d15 98f6 e068431db868   909ee7c4 b63e 48ac 9543 ea7589a3bef2