+7 (727) 267-28-83

eeb2225d e47e 4bff 9732 0c5e6436425e

14 сәуірде Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында өткен барша жұртқа сазгер, әрі зерттеуші - ғалым ретінде танымал қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Бірінші дәрежелі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері, Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты, Тәуелсіз «Платина тарлан» сыйлығының иегері, «Жыл адамы», «Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты, ақын, Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің ұйғыр тіліне аударылған «Дунияни ашиқ көздә қаратсам...» атты жыр кітабының тұсаукесер рәсіміне ҚР Ұлттық кітапханасынан «Қорды толықтыру» қызметінің жетекшісі Қ.М.Изамбекова мен «Көрмелер және мәдени бағдарламар» қызметінің жетекшісі Ж.А.Әбдікерімова қатысты.

Бұл кітапты «заманауи қазақ поэзиясы» атты серия бойынша қазақ тілінен ұйғыр тілінен аударған ақын Иминжан Тохтияров.Осы шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен вице - министр Н. М. Дәуешов,Қазақсттанның халық артисі Р.Рымбаева және елімізге танымал ақын-жазушылар, артистер қатысып,әсерлі естеліктерімен бөлісіп, ақынның сөздеріне жазылған әндері орындалды. Бұл кітап бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан туысқан ұйғыр халқымен достығымыз жарасқан және мәдениетіміздің ортақ екендігін айқындайды.

5f8cd01e 123e 492f 8df1 2083aa912786   c85ab803 1b91 4bbb b4a4 3334ea962f1e