+7 (727) 267-28-83

24685015748851

4 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамының ұйымдастуымен «Ғалым әйелдердің заманауи қазақстандық қоғам дамуына косқан үлесі» атты дөңгелек үстел және «Белгілі Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы»  энциклопедиясының тұсаукесері рәсімі өтті.

Шараны филология ғылымдарының докторы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің президенті Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Иманғожина Өрік Зейнулловна жүргізді.

Шарада Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамдық бірлестігінің президенті Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы бірлестіктің жұмысына тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді. Сонымен қатар «Белгілі Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы»  энциклопедиясының тұсаукесері рәсімін жасалып, Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы бірлестік мүшелеріне және  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына табысталды.       

            Баяндамашылар:

  1. 1. Қазақстан Республикасының Еңбек ері, «Алтын жұлдыз, «Отан» ордендерінің иегері, профессор Миразова Аягүл Төреқызы - «Қоғам дамуында жас ұрпақ тәрбиесіндегі қыз балалар үлгісі».
  2. 2. Халықаралық дифференциялық психология институтының құрметті профессоры, Каспий қоғамдық университетінің «Тұлғалық және кәсіби өсу» орталығының директоры, психология ғылымдарының докторы Намазбаева Жамила Идрисқызы – «Психологические проблемы обновления образования в XXI веке».
  3. 3. Педагогика ғылымдарының докторы, Аблайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Қабдолова Қарлығаш Лекеровна – «Реализация концеепта «Женщина» в казахско-русских паремиях».
  4. 4. Іскер әйелдер қауымдастығының Қарағанды филиалының төрағасы, профессор Букетова Нұрсұлу Ибраевна – «Полиязичие в Казахстане: приоритет – только истеллектуальный»
  5. 5. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Габдуллина Канапия Габдулловна – «Қазақ әйелдерінің қоғам дамуындағы алатын орны».
  6. 6. Педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент- мүшесі, профессор Мурзалинова Алма Жакимовна – «Непрерывное профессиональное развитие педагогов как фокус моих исследований».
  7. 7. Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Есенова Қалбике Өмірбайқызы – «Жаңа Қазақстан: саяси кеңістіктегі қазақ әйелдерінің рөлі».
  8. 8. PhD докторы Жұмай Нұрмира – «Ғылым және әлемге әйгілі әйелдер».
  9. 9. PhD докторы Балхимбекова Перизат Жанатовна – «Роль науки в современном обществе».

Дөңгелек үстел офлайн және онлайн (zoom) форматында өтті.

Шара соңында Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы бірлестігінің жаңа мүшелеріне куәліктер мен алғым хаттар табысталды.

Қатысушылар: елімізге танымал қоғам қайраткерлері, депутаттар, ғалымдар мен ізденушілер, ғылым докторлары мен профессорлар, докторанттар мен магистранттар, басқа да қызығушылық танытқан тыңдармандар, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

5660aa85 d113 47c2 92e3 2c378a8db0b9   4996674b 8531 4f3c 815e 26c3419c6fff
ded15256 6d83 45c0 a775 bea8dc0cbd97   47fc8dcb 2949 45a2 aa94 b5b167081dbc