+7 (727) 267-28-83

577c1e95 0e9c 4554 ba0e 022ea3a167af

31 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының өнер залында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал кино және театр әртісі Нина Жмеренецкаяның шығармашылық кездесуі, «Өмір және Сахна» кітабының  тұсаукесері өтті.

«Өмір және Сахна» кітабы Нина Жмеренецкаяның сахнадағы және кинодағы көрнекті және ұмытылмас бейнелері туралы суреттелген фотоальбом.

Іс-шараны директордың кітапхана ісі жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорына автор «Өмір және сахна» атты жаңа кітабын сыйға тартты.

Іс-шарада сөз сөйлегендер: ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Б. Дүйсембинова; ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер А.Головинский; театр әртістері И.Муравьева, Ш.Тыналина, Г. Құрманғалиева және т.б.

Нина Леонидовна Жмеренецкая іс-шараға қатысушыларды жылы қарсы алып, өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы айтты. Сондай-ақ, көрермендердің көптеген сұрақтарына жауап берді, кинода түсірілім және театрда жұмыс істеу туралы естеліктерімен бөлісті.

Кездесу соңында әртіс оқушыларға қолтаңбасы бар кітаптарын сыйға тартты.

Іс-шараға театр және кино әртістері, жазушылар мен драматургтер, режиссерлер, оқытушылар, кітапханашылар, Алматы полиграфия колледжінің және Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің, Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

50c0d6c7 d3d0 43a1 aef1 352b942ae247   e7325f70 9ca2 472e 8ffe 39d970fb90be

 

1a3fc6a2 559d 47e1 a206 b1262bdee0f3   5c42073d 0164 4d12 bb94 747040228c10   d12ec4de 6c75 4e54 9bea 1ffa8261baa3