+7 (727) 267-28-83

3b2ba3fa 4583 4a66 92ca 45b8bb6f0e78

29 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова  атындағы залында белгілі зерттеуші, этнограф, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы-зерттеуші, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сыр елінің перзенті» атты шығармашылық кеші  және мерейтой иесінің «Дерек пен дәйек» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны жазушы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері,  «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, мерейтой иесіне ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған «Тынышбек Дайрабай» библиографиялық көрсеткішін сыйға тартты.

Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып; жазушы, «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағира Қожақметова; тарих ғылымдарының докторы,  Әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының акдемигі Берекет Кәрібаев; алаштанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес; белгілі ұстаз Сәбит Иманғалиев; этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қаратаева; публицист-жазушы Көлбай Адырбек; журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенүл Кәпқызы және т.б. зиялы қауым өкілдері.

Шара аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің құттықтау хаттары табысталып, дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова; эстрада әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева; ҚР Мәдениет саласының үздігі, қылқобызшы Құрманбек Жүгінісов ән орындады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Тынышбек Майлыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

5a25fbda d835 49fd b75d 4825f691d9d6   9ba8d153 d003 4aff a953 2d9a66b6916a   30a1912a 0a44 48fe a4c1 e70b390049ab
393c2b95 be84 4523 b469 3d9f9778d477   61350a15 3f65 405f bcce 5219462c2940   d8aef078 d5cf 4a65 bdb2 eca2e0b68e69