+7 (727) 267-28-83

a25df8ef a5e2 4ef2 94a5 785e3f623aaa

17 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітаханасында Ұлыстың Ұлы күніне арналған «НАУРЫЗ-ДУМАН» атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шараны «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі, ақын Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және ҚР Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы, археология профессоры, тарихшы және реставратор Татьяна Николаевна  Крупа құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының құрылымдық бөлімдерінен құралған «Береке», «Қуаныш», «Бірлік», «Молшылық» ауылдары халқымыздың ата-бабадан жеткен тамаша жоралғылары мен дәстүрлерін, ұлттық ойындары мен тағам түрлерін насихаттау мақсатында өз өнерлерін  көрсетті. Сондай–ақ, белгілі зергер, суретші, реставратор, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Зерлеу» алтын тігу авторлық үйінің директоры Айжан Абдубайтова авторлық ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімін көпшілік назарына ұсынды.

Іс-шараға  Алматы қаласындағы Қытай Халық және Өзбекстан Республикаларының Бас консулдары, Корей, Иран мемлекеттерінің консульдары және АҚШ консулдығының қызметкерлері, «Француз Альянсының» атқарушы директоры, белгілі ақын-жазушылар және зиялы қауым өкілдері қатысты.

1139a9d7 a7c2 4f45 98a3 ab1598367dd8   974fbc46 5f4c 4050 b714 277963d85d1d    88e15414 b57f 436e 8c24 a11727e541f8
f453d5a5 5389 4802 9d81 8572c151903f   bed94c20 b3da 4f41 9d70 814782c3e174   61b19003 a5e2 45bb b231 e778373e9555