+7 (727) 267-28-83

28 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қабылқақ Күлмесқанұлының «Тұманды дала» және Мағаз Разданұлының «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Шараны жазушы, драматург, кино сценарист Ұларбек Нұрғалымұлы және кәсіпкер, Golden Bridge Partners компаниясының негізін қалаушы Болатбек Дәлелханұлы жүргізді.

Бұл екі кітап Ұларбек Нұрғалымұлы қолға алған «Birqazaq» жобасының аясында шығып отыр. Бұл жоба арғы беттегі жазушылардың шығармаларын қазіргі қазақ әліпбиіне көшіріп, Қазақстан халқына насихаттауды көздейді. Алдағы уақытта әлі де бірнеше жазушының шығармаларын басып шығару жоспарланған.Аталған екі кітап «Damu business group» пен Болатбек Дәлелханұлының, Құмар Жұмаханұлының қолдауымен «Muqaba» баспасынан жарық көрді.

Шара аясында Ұларбек Нұрғалымұлы «Тұманды дала», «Көкиірім шүңеті тіл қатады» кітаптарының бірнеше данасын Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына табыстады.

Қатысушылар: белгілі жазушылар мен ақындар, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері.