+7 (727) 267-28-83

6d53831e 1e73 4f0f 9b18 3a2d547f70f425 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында Алғыс айту және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу күніне орай «Менің отаным – Қазақстан» атты балалар мен жасөспірімдер суреттері байқауының қорытындысына арналған іс-шара өтті.

Бұл байқау өскелең ұрпақтың бейнелеу өнері арқылы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен дамытуға, жас қазақстандықтардың ризашылық сезімін, достықты, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, этностарды құрметтеуге, қазақстандық этностардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихын білуге ықпал етеді.

Байқауға Алматы қаласы мен Алматы облысының мектептері мен лицейлері, гимназиялар мен колледж оқушылары қатысты.

Байқауға қатысушылардың барлық жұмыстары көрмеге қойылды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары офлайн және онлайн форматта номинациялар бойынша және қатысқаны үшін дипломдар мен алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараны Мерзімді басылымдар қызметінің жетекшісі Ақмарал Рахишева ашты.

1d8ec882 6681 417e bdad a7b39cf2658d   7e4fa842 8d94 4fff 8ce5 dc23ec7405ce