+7 (727) 267-28-83

17 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Kelun-Kazpharm» компаниясының атқарушы директоры Мерей Сламұлының туғанына 60 жас толуына орай ұйымдастырылған «Бүгінгі Қазақстан және отандық өндіріс» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы арнайы келіп, Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ, Алматы облысы Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы өз атынан және Алматы облысы әкімінің құттықтау хаттарын тапсырды.

Сөз сөйлеген қонақтар: Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдинов; Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Қопабаев; белгілі қытайтанушы ғалым, Р.Б. Сүлейманов атындағы Шығыстану институтының директоры, ф.ғ.д., профессор Дүкен Мәсімханұлы; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Байғали Есеналиев, т.б зиялы қауым өкілдері мен ақпарат саласының өкілдері.

Іс-шараға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кәсіпкерлік компаниялар басшылары, зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.