+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2023 03 15 at 09.32.42 1

14 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қызметкерлері: әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т. Тұяқова мен «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі М.Ж. Ақбаева Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі ұйымдастырған «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері»  Халықаралық ғылыми форумына қатысты.

Форумның мақсаты – түркі халықтарының этникалық тарихы мен мәдени мұрасын  насихаттау.

Форумның тақырыбы: түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті:  материалдық және материалдық емес мұраларды зерделеу және дәріптеу; Наурыз мерекесінің тарихы мен дәстүрін заманауи зерттеу; тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен насихаттаудағы мәдениет мекемесінің рөлі мен маңызы; мұражай жұмысының заманауи инновациялық нысандары.

Форумда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.М. Дәуешов, Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы А.Р. Ақынжы, Өзбекстанның Алматы қаласындағы Бас консулы А.Д. Фатхуллаев, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы директорының міндетін атқарушы Магнуссон және түркітілдес елдердің ғылыми топтарының өкілдері сөз сөйледі.

Форум аясында ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы шығаратын ғылыми «Museum.kz»  журналының тұсаукесері өтті.

Форумға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, мәдени мекемелердің мамандары және т. б. қатысты.

1ba4ae2c 13d7 4fe7 bc6b 496ed7307704   2c4b204c 186f 46af b612 98c699e42380
3bc14add 7b21 4946 a432 331901835079   27841678754