+7 (727) 267-28-83

атырау

Мерзімді басылымдар оқу залында Атырау облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің 100 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

 

Мемлекеттік облыстық «Атырау» газеті 1923 жылдың 1 сәуірінен бастап шығып келе жатқан, Атырау қаласындағы ең танымал газеттердің бірі болып табылады. Саяси себептерге байланысты газет қайта-қайта жабылып, бірнеше рет атауын өзгертті. Газеттің алғашқы саны 1923 жылы «Ерік», одан кейін «Жұмыскер тілі» (1924 жылдың тамыз айынан), «Жем жұмысшылары» ( 1930 жылдың қыркүйегінен), «Ленин жолы» (1932 жылдың сәуірінен), «Социалистік құрылыс» (1933 жылдың қыркүйегінен), «Социалды құрылыс» (1933 жылдың қарашасынан), «Коммунистік еңбек» (1963 жылдың мамырынан).

1990 жылдың 30 маусымынан бастап газет «Атырау» деп аталды. Алғашқы жылдары газет араб тілінде, кейін латын графикасында жарық көрді. Экспозицияда газеттің 1924 жылғы нөмірлері,  50 жылдық және бүгінгі күнге дейінгі мерейтойлық нөмірлері бар. Сондай-ақ, белгілі тұлғалар – Қалижан Бекхожин, Темірбек Қожакеев, Қлышбай Сүндетов, Берік Қорқытовтың өңір үшін газеттің орны мен маңызы туралы естеліктері берілген. Бүгінде «Атырау» – Атырау облыстық әкімдігі мен мәслихатының қоғамдық-саяси газеті, онда мұнай-газ кешенінің дамуы, өңірдегі экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысы, және т.б. жарияланады.

Газет тарихы талай рет ғалымдардың, энциклопедисттердің, өлкетанушылар мен библиографтардың зерттеу нысанына айналды.

Көрмеге мерзімді басылым беттерінде, ең алдымен «Атырау» газетінде жарияланған кейбір басылымдардың көшірмелері, қоғам қайраткерлерінің материалдары мен мақалалары қойылған.                                                                          

                                                                                Келемін деушілерге есік ашық!