+7 (727) 267-28-83

конс

1 наурызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК өңірлік орталығы ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан мамандарымен кезекті онлайн отырыс өткізді.

Отырысты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының және Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК өңірлік орталығының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап,  кәсіби табыс тіледі.

Отырыс Өзбекстан Республикасы  Ғылым Академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институты қалпына келтіру бөлімінің басшысы, жоғары дәрежелі кәсіпқой, қолжазба құжаттарды қалпына келтіру маманы, мезгілсіз өмірден озған Салимов Маруф-аканы еске алу сәтінен басталды.

Түрікменстан Ғылым Академиясының Махтумкули атындағы Тіл, әдебиет және Ұлттық қолжазбалар институтының ғылыми қызметкері Гүлзали Поллыкова  "Орта Азия түптемелерінде капталды тігу" тақырыбында онлайн шеберлік сабағын ұсынды.

Бұдан әрі Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК өңірлік орталығының үйлестірушісі Сәрсенбаева Ботагөз Шағалиқызы қатысушыларды "Кітапхана. БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары" және "Әлемнің кітапхана картасы" презентацияларымен таныстырып өтті.

Қатысушылар Гүлзали Поллыковаға өте маңызды және пайдалы шеберлік сабақ үшін алғыс білдірді.