+7 (727) 267-28-83

Алғыс фото

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О.Жандосов атындағы оқу залында Алғыс айту күніне арналған «Алғыс – ризашылықтың асыл қасиеті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап жыл сайын 1 наурызда атап өтілетін Қазақстан халқының ерекше  мерекесі.

Кітап көрмесінің мақсаты – өскелең ұрпақты толеранттылық, бір-біріне деген құрмет пен достық сезіміне тәрбиелеу және батыр замандастарымызды насихаттау, сондай-ақ Қазақстанда ұлтаралық келісімді нығайту.

Кітап көрмесі үш бөлімнен тұрады. Көрменің «Қазіргі заман қаһармандары» атты бірінші бөлімінде қазақстандықтардың қаһармандық істерін, еліміздің медицина қызметкерлерінің, Қазақстанды әлемдік аренада асқақтатып жүрген жерлестеріміздің ерлігін бейнелейтін кітаптар, мерзімді басылымдар мен фотоматериалдар ұсынылған.

«Тоғысқан тағдырлар» бөлімі оқырмандарды республика аумағында тұратын түрлі этностар мен ұлттардың тарихы және  тұрмысы туралы материалдармен таныстырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің қорынан «Дружба – бесценное достояние», «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Спецпереселенцы Казахстана», «Из истории депортаций. Казахстан 1930-1935 гг.», «Из истории депортаций. Казахстан 1935-1939 гг.»  және т.б. кітаптар мен  мерзімді басылым  беттеріндегі еңбектер қойылды.

Алғыс айту күнін атап өте отырып, Қазақстан қиын-қыстау кезеңде миллиондаған мигранттарды қабылдап, өмірін сақтап қалған қонақжай және жомарт мемлекет ретінде таныстырылады.

Еліміздің азаматтары үшін Алғыс айту күнінің жыл сайын маңызы артуда. «Алғысымды айтамын, Қазақ елі!» үшінші бөлімі «История и культура корейцев Казахстана», «Из истории немцев Казахстана», «Русские Казахстана», «Алматы – мен тұратын қала», «Менің Қазақстаным» және басқа да тарихтың әр кезеңдерінде өз жерінде түрлі ұлт өкілдерін қабылдаған қазақ халқына өзге ұлттардың ризашылығын білдіретін материалдар ұсынылған.

Кітап көрмесіне шақырамыз!