+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2023 02 27 at 12.34.5527 ақпанда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Әл-Фараби ғылыми кітапханасында заманауи қытай жазушысы Ван Мэннің «Әсем көріністі өлке» атты романының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.

Іс-шара аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қытайтану кафедрасы оқытушылары еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Тұсаукесерге Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашылары Каримова Құралай Аманжолқызы мен Қадай Қамия қатысып, ҚР Ұлттық кітапханасындағы Қытай мәдениеті мен әдебиеті орталығының жұмысы туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында жазушы Ван Мэннің қазақстандық оқырмандарға арналған бейнежазбасы көрсетілді. Қонақтар ҚазҰУ кітапханасының мамандары дайындаған кітап көрмесімен, қытай шай рәсімімен, каллиграфиямен танысты. Баспагерлер ҚР Ұлттық кітапханасының қорына Бекжан Қатбековтың қытай тілінен қазақ тіліне аударған «Әсем көріністі өлке» кітабын сыйға тартты.

WhatsApp Image 2023 02 27 at 12.34.59   WhatsApp Image 2023 02 27 at 12.35.02
WhatsApp Image 2023 02 27 at 13.13.06   WhatsApp Image 2023 02 27 at 13.13.28