+7 (727) 267-28-83

72ed434d dcae 48a9 b44d 2b57fb5139d4

27 ақпанда Назира Даулетова атындағы залда «Корё ильбо» республикалық газетінің 100 жылдығына арналған «Сэнбон – Ленин кичи – Корё ильбо» газеті – корей халқы тарихының ажырамас бөлігі» атты дөңгелек үстел өтті.

 Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Корё ильбо» газетінің түрлі жылдардағы басылымдарынан көрме ұйымдастырылды. Газеттің алғашқы нөмірі 1923 жылы 1 наурызда Қиыр Шығыста (Владивосток қаласы) Бірінші наурыз қозғалысының 4 жылдығында шықты. Өзінің 100 жылдық тарихында газет 3 мәрте атауын өзгертті: 1923-1937 жж. «Сэнбон» (Авангард), 1938-1991 жж. «Ленин кичи» (Ленинское знамя), 1991 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Корё ильбо» (Корейский ежедневник). 1929 – 1934 жж. аралығында газет Хабаровск қаласында, содан кейін қайта Владивостокта басылып шығарыла бастады. «Сэнбон» газеттің соңғы 1644-ші саны 1937 жылы 12 қыркүйекте Владивостокта, корейліктерді Қиыр Шығыстан жаппай көшіру басталған жылы шықты. 2000 жылдан бастап «Корё ильбо» Қазақстандағы Корейліктер қауымдастығының меншігіне өтті.

Бір ғасыр бойы газет көптеген корейліктер үшін жалғыз ақпарат көзі мен байланыс құралдары болды. Газет корей ұлттық құндылықтарының, мәдениетінің, жазуының, тілінің сақталып қалуында үлкен рөл атқарды. «Корё ильбо» беттерінде депортацияланған корейліктердің тағдырлары бейнеленген. Ол корей диаспорасының бірегей тарих шежіресінің, мәдениеттің маңызды ошағының, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының көрінісі болып табылады. Бүгінде «Корё ильбо» -  Корей түбегінің арғы жағындағы танымал корейлік БАҚ. Газет аудиторияны қамту және дамыту үшін барлық ақпараттық құралдарды белсенді пайдаланады: ғаламтордағы сайтын, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларын және т.б. дамытуда.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова құттықтау сөзбен ашып, модератор, «Коре ильбо» газетінің редакторы К.С.Кимге сөз берді. Дөңгелек үстелде сөз сөйлегендер: Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Пак Нэ Чхон мырза, Қазақстан корейлері Қауымдастығының төрағасы Ю.Г.Шин, Қазақстан корейлері ақсақалдар кеңесінің төрағасы И.Т.Пак, белгілі журналист, профессор С.К.Қозыбаев, шетелдегі корейлерді қолдау қорының өкілі Д.Д.Хен, О.С.Клименко, А. Гатина, газет редакциясының ардагерлері және т. б.

Көрмеде газеттің сирек және мерейтойлық сандары, түрлі жылдарда газет беттерінде жарияланған танымал жазушылардың, журналистердің, қоғам қайраткерлерінің мақалалары ұсынылды.

cccd45bd f406 4f79 a6a8 36b28f3faead   1e942cb2 e780 4fe8 958e ed1e7645fa01   7c335838 24f7 40cc 924f 6c935024adc1
399e7194 ae3a 4997 95f0 acad89b989fc   cbc13b92 f563 4c6b bc00 757bee134d46   2947d100 6b18 436e aa9a 398ad24176a1