+7 (727) 267-28-83

091a5d99 2faf 472d 9276 f59d5a579603

24 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті.

 «Күлпет» романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді.

Іс-шараны «Азияның Шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің жетекшілері Гүлнара Жандыбаев және Алма Нутушова құттықтау сөзбен ашты.

Шарада мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов «Күлпет» романы жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.

Шығармашылық кездесуде «Күлпет» романының авторы Шархан Қазығұл, Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, «Kitapfest» кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықов, сөз сөйлеп, алдағы жоспарлармен бөлісіп, осы жобаларды ұйымдастыруда қолдау көрсеткен әдебиет жанашырларына алғыстарын жеткізді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Шархан Қазығұлды арнайы құттықтай келіп, әсем әнмен шашу шашты.

Шара соңында ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханассына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Қатысушылар: Мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары және кітапханашылар, БАҚ өкілдері.

24f11ac0 bfb6 415f a77c 046f1be32583   42a84769 7667 4569 b191 57126e66cb5b   4800cc11 edfa 45c3 868d 1c705e148061   980109ca 186f 4060 bc12 6b1ade076b22    
662e270f b62d 4cfe 8b67 4c4c4ac4763f   b7901a9c 319f 4ee1 8bbf 59c96a60bc75   c5f815aa 1680 40ac 8098 0ae343fe484a   e2a2c0d5 abbd 463c a486 ff23f3236268   cc602bf1 61c5 4478 8673 b3df9cdae8ba