+7 (727) 267-28-83

IMG 9995

23 ақпанда Р.А.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Түркия Республикасының 100 жылдығы мен Түркі мемлекеттерінің ұйымы жариялған «2023 жыл-Түркі өркениетінің даму жылы» аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің 4 курс студенттерінің қатысуымен «Түркі әлемінің бірлігі» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кешке директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің өкілі, кітапханашы Мұсаева Лаура Берікбайқызы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің оқытушысы Ескер Молдабек Бегалыұлы қатысты.

 «Түркі өркениеті» тақырыбында студенттер: Есалы Нұрбота, Қалман Майя, Сурамай Аида презентация дайындады. Әдеби кештің жүргізушілері студенттер: Әуелбекова Талшын мен Бекет Бекзат болды. Оспанова Сабина мен Мамыкова Назерке қазақ және түрік тілдерінде өлеңдер оқыды. Мәлік Нұрлы, Ешетова Аяулым қазақ ақыны Мұқағали Мақатаев пен түрік ақыны Вели Канык Орханның шығармашылығы туралы «Ақындардың үндестігі» атты бейнежазба ұсынды.

 Кеште Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Нұрданбек Жасар қобыз бен домбырада әндер орындады. Юсупова А.Х. музыкантқа алғысын білдіріп, ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап сыйға тартты.

Әдеби кеш соңында М.Ескер «Түркі әлемінің бірлігі» тақырыбы өзекті екенін және түркі өркениетінің тарихы мұқият зерттеу мен зерделеуді қажет ететінін атап өтті, сондай-ақ Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызына және ҚР Ұлттық кітапханасының Әкімшілігіне алғысын білдірді.

IMG 9976   IMG 9981
IMG 9992   IMG 9989