+7 (727) 267-28-83

094b755c b522 4fb3 90a8 77f2319c3658

14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қорды толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы және Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы Алматы облысы Талғар ауданының Тұздыбастау ауылындағы мәдениет үйінде өткен көрнекті жазушы, қазақ әдебиеті детектив жанрының дарабозы, көркемсөз шебері, драматург, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ детектив жанрының атасы» атты әдеби конференцияға қатысты.

Конференция барысында Ұлттық кітапхана директоры  Б.Қ. Оспанова Кемел Тоқаевтың өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін баяндама жасады.

Конференцияға К. Тоқаевтың еңбегі мен шығармашылығын зерттеуші, белгілі кемелтанушы, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Айжігітов Бақтығали Сақымқожаұлы, Қалижан Бекхожиннің жұбайы Зайда Бекхожина,  Әлкей Марғұланның қызы Дәнел Марғұлан, ақын-жазушылар, Талғар ауданының кітапханашылары мен мектеп оқушылары және т.б. қатысты.

77673463 d943 44e5 93ff bd95c9db549b   f95ba796 2429 4e82 87a3 eef82eb84fd1