+7 (727) 267-28-83

20230203 143953

Мерзімді басылымдар оқу залында «Қазақстанның ақпарат кеңестігі» атты көрме ұйымдастырылды.

Жалпы адамзат тарихында баспасөз маңызды орын алады, ол халықтың мәдени өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық кеңістіктегі мерзімді басылымдардың тарихи орны XIX ғасырдың соңында басталды және бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Көрме келесі бөлімдерден тұрады:

Бөлім: "Қазақ баспасөзінің қалыптасу және даму тарихы"

Алғашқы қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы «Түркістан уәлаяты газеті» (1870-1882 жж.), «Дала уәлаяты газеті» (1888-1902 жж.), «Қазақ» газеті (1913-1918 жж.) және «Айқап» журналы (1911-1915 жж.) басылымдары  ұлттық баспасөз дамуының символына айналды.

Бөлім: "АБАЙ" журналына - 105 жыл

«Абай» журналы Абай есімін ұрпақтар санасында насихаттауға арналған алғашқы басылым. Журналдың алғашқы санында Жүсіпбек Аймауытов: «Абай тек қазақ халқының ұлы ақыны ғана емес, ол философ-гуманист, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, қазақтарды оқу-білімге шақырған ағартушы» - деп жазды. 1918 жылы Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов Семей қаласында «Абай» журналын шығарды. Алғаш он бір нөмірі жарық көріп, кейіннен журнал шықпай қалды. Журнал Абай шығармаларын насихаттап, әдебиет пен мәдениеттің, өнер мен тарихтың өзекті мәселелерін көтерді. Қоғамдық және рухани, ғылым мен философия туралы әлеуметтік мәселелерді жариялады. 1992 жылдан бастап қайта басыла бастады. Журнал Абайдың әдеби мұрасы мен ұлттық мәдениетті насихаттайды. Журналдың бас редакторы журналист, ақын, абайтанушы Мұратбек Оспанов болды.

Бөлім: «ПРОСТОР» журналына - 90 жыл

 «Простор» - Қазақстанның орыс тілінде шығатын әдеби-көркем және қоғамдық–саяси журналы. Қазақстан Жазушылар одағының баспа органы, Журнал 1933 жылдан шыға бастады. Алғашқы атаулары: «Казахстан» (1933), «Советская литература Казахстана» (1934), «Литературный Казахстан» (1935-1939), «Литература и искусство Казахстана» (1939-1941), альманах «Казахстан» (1946-1953), «Советский Казахстан» (1953-1959), 1960 жылдан бастап «Простор» болып шықты. Қазақстан жазушыларының сыни, публицистикалық, көркем шығармаларын, очерктерін, библиографиясын, естеліктерін жариялайды.

Бас редакторлар: Снегин Дмитрий Федорович 1961-1963 жж., Шухов Иван Петрович 1963-1974 жж., Толмачев Геннадий Иванович 1985-1992 жж.,  Петров Ростислав Викторович 1992-1996 жж., Киктенко Вячеслав Вячеславович 1996-1997 жж., Петров Ростислав Викторович 2000-2003 жж., Михайлов Валерий Федорович 2003-2016 жж. қазіргі уақытта - Бақбергенов Қайрат Саурбекұлы.

«Простор» беттерінде алғаш рет әр уақытта тыйым салынған Анна Ахматова, Марина Цветаева, Осип Мандельштамның өлеңдері, Платонов пен Пастернактың белгісіз шығармалары жарық көрді, булгаковтану туралы алғашқы материалдар пайда болды.

Кеңес жылдарында журналдың таралымы 50 мың данадан асты.

1980 жылдардың аяғында В.Д. Успенскийдің «Тайный советник вождя», романы жарық көргендіктен, журналдың таралымы 160 мың данаға жетті. Қазіргі уақытта таралымы 2000 дана.

Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасы қорындағы түрлі жылдардағы «Абай»", «Простор» журналдарын насихаттайтын мерзімді басылымдарда жарияланған материалдар ұсынылды.

Көрмеге шақырамыз!