+7 (727) 267-28-83

e6e9dffd 9604 41f7 b1de ca364260a051

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жастары кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының қатысуымен әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай мен жас әнші, театр және кино актері Әсет Есжанмен кездесті.

Кездесу барысында кітапхана мамандығы мен кітапхана саласының дамуы жолында кітапханамыздың жастары атқаруға тиісті көптеген мәселелер қозғалып, кітапханаға және кітап оқуға оқырмандарды тарту, жобаларды іске асыру мақсатында  тың идеялар мен игі бастамалармен бөлісті.

Елдос Тоқтарбай Алаш зиялыларының қазақ қоғамы үшін басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ерліктері туралы сөз қозғап, жастарды отансүйгіштікке, ғылыммен айналысуға, белсенділік танытуға шақырды.

Қазақ ғылым академиясының негізін салушы және тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев туралы алғашқы фильмде басты рөлде сомдаған Әсет Есжан «Қаныш» фильмінің түсірілім кезеңіндегі қызықты сәттермен бөлісіп, әннен шашу шашты.

Сонымен қатар, кітапхана жастарымен бірлесіп жұмыс жасау мақсатында бірқатар мәселелерге тоқталып, пікір алмасты.

8b1bbbc3 d582 4c6c b5f6 a48ce078d4f5   86e40d0a 99ec 4c0c 9887 d71dc1c0c09e   a5fe086e f1a7 48bd acd8 112d08c18f21