Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының жастары кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызының қатысуымен әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай мен жас әнші, театр және кино актері Әсет Есжанмен кездесті.
Кездесу барысында кітапхана мамандығы мен кітапхана саласының дамуы жолында кітапханамыздың жастары атқаруға тиісті көптеген мәселелер қозғалып, кітапханаға және кітап оқуға оқырмандарды тарту, жобаларды іске асыру мақсатында тың идеялар мен игі бастамалармен бөлісті.
Елдос Тоқтарбай Алаш зиялыларының қазақ қоғамы үшін басын бәйгеге тіккен ұлтжанды ерліктері туралы сөз қозғап, жастарды отансүйгіштікке, ғылыммен айналысуға, белсенділік танытуға шақырды.
Қазақ ғылым академиясының негізін салушы және тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев туралы алғашқы фильмде басты рөлде сомдаған Әсет Есжан «Қаныш» фильмінің түсірілім кезеңіндегі қызықты сәттермен бөлісіп, әннен шашу шашты.
Сонымен қатар, кітапхана жастарымен бірлесіп жұмыс жасау мақсатында бірқатар мәселелерге тоқталып, пікір алмасты.
![]() |
![]() |
![]() |