+7 (727) 267-28-83

549cedfb 1146 4c4d bb0d a67d8d55fcec

7 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының 1-ші қабатындағы фойеде «Азияның шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің резиденті халықаралық заманауи өнер өкілі Қанат Бөкежановтың «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.

Қанат Бөкежанов − жазушы әрі суретші. Солтүстік Кипрдің Art Nouveau мұражайының халықаралық «Күміс кілт» сыйлығының иегері. Қазақ суретшісі Ғани Баяновтың шеберханасында білім алған. Ол жазу мен сурет салуды реттелген ойлаудың әртүрлі формалары деп санайды. Көптеген жылдар бойы ноосфераға арналған суреттер салды. Өмірдің бұл маңызды, көрмесіз кезеңі еркіндік пен тәуелсіздікке тәрбиелеу үшін қажет болды.
​Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы құттықтау сөзбен ашты.

​Азияның Шығармашылық Богемиясының президенті Гүлнар Жандыбаева және вице-президенті Алма Нутушева сөз сөйлеп, бірлестік жұмысына белсенді атсалысқан бірқатар бірлестік мүшелеріне алғыс хаттарды табыстады.

Қанат Бөкежановтың ұстазы, белгілі суретші Ғани Баянов және өнертанушы Мария Жұмағұлова бүгінгі «Әлемді қабылдау» атты шығармашылық көрмеге сәттілік тіледі. Сонымен қатар шара аясында көрме тамашалауға келген қонақтармен ойындар ойнатылып, суретші Қанат Бөкежанов өз туындыларын жеңімпаздарға сыйға тартты.

Қатысушылар: суретшілер, студенттер, кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары.

25fde5d6 8fc4 4ab4 90ed 82c2634db220   bddf0993 ad25 4411 bd45 6c278caf2cc4   555b8a5f fbb6 48a4 85d1 123a94a3b552   7c1dae32 9581 4092 bf9b 1998e9d167f2
2e451fa1 97c2 405a a2bf 17c6009471ce   7e1a9ea0 74b7 49b7 a66b 6a883947824f   532910bb d2cd 4506 aa12 70d967e72965   f32c2be5 50fd 44c5 89b0 506aa40908c4