+7 (727) 267-28-83

3ақпан

3 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Офицерлер үйінің ғимаратында өткен Сталинград шайқасына арналған әскери-тарихи конференция аясында «Сталинград шайқасы – 80 жыл» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Шараны «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресейден қонақтар шақырылды. Оған Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің, ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас Ұлан» республикалық әскери мектебінің және жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері қатысты.

Сталинград шайқасы (1942 ж. 17 шілде – 1943 ж. 2 ақпан) – көлемі, ұзақтығы және қатысушыларының саны бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстағы ең ірі шайқастардың бірі. Бұл шайқас соғыс барысын түбегейлі өзгертіп, Кеңес әскерлерінің фашистік басқыншыларды жеңуінің хабаршысы болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан Сталинград шайқасы және оған қатысушылар туралы энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, фотоальбомдар, көркем әдебиеттер ұсынылды. Олардың ішінде: «Разгром немцев под Сталинградом: третья годовщина» (1946), «Боздақтар» (1997), «Сталинградтың тарихи ерлігі: конференция материалдары» (1982), «Подвигу жить в веках – казахстанцы в битвах Великой Отечественной Войны» (1970), «Ұлы Жеңіс батырлары – қазақстандықтар» (2016), Чуйков В.И. «От Сталинграда до Берлина» (1980) және т.б. бар.

Көрменің мақсаты – жастар мен әскери қызметшілерді әскери-патриоттық рухқа тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, тарихи-әлеуметтік жадысын дамыту. Конференцияға қатысушыларды  кітап көрмесімен Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы мен  Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Аширова Фарида Гайдарқызы таныстырды.

3ақпан1   48693db4 c775 44b1 84d8 c34ac730668f   2943ca63 f3d3 443c b5af 5d5f203f30b2