+7 (727) 267-28-83

китай

2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және директордың кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Алматыдағы Қытайдың Бас консулдығы ұйымдастырған "Көктем мерекесімен жылы жүздесу" атты шамдар фестивалі қабылдауына қатысты.

"Көктем мерекесімен жылу жүздесу" шамдар фестивалі – бұл Жаңа жылды мерекелеудің аяқталуын білдіретін, түрлі түсті көше шамдарын жағу дәстүрі.

Фестивальдің ресми бөлімінде Бас консул Цзян Вэй ханым, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматыдағы өкілдігінің басшысы Бақытжан Бөлегенов, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, Қазақстанның Қытайдағы алғашқы елшісі Мұрат Әуезов және т. б. құттықтау сөз сөйледі.

Мерекелік және салтанатты қабылдау билермен, әндермен және тәттілермен бірге көркемдік қойылыммен сүйемелденді.

4609bf6d da23 4e57 91d1 0fd29e25a0c8