+7 (727) 267-28-83

c4e30242 4b69 4b97 9f3a bda85904e2193 ақпанда Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында Қытайдың Жаңа жылы - көктем мерекесіне арналған «Шығыс мәдениетінің дәстүрлері» атты іс-шара ұйымдастырылды, ол ежелден Қытайдағы басты және ең ұзақ мереке болып саналады. Бұл мерекенің шығу тегі ежелгі дәуірге жатады, қазіргі түрінде ол қытай қоғамында сақталған аңыздарға, нанымдар мен дәстүрлерге құрмет көрсетеді.

Мерекелік іс-шараға Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының дипломаттары қатысты: Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының екінші хатшысы Чень Сяньюнь ханым және Чен Хуэйминь ханым.Іс-шараның модераторы, Әлем әдебиет қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима құттықтау сөз сөйледі. Ол қатысушыларды Қытайдың ұлттық мәдениетін, тарихы мен әдебиетін насихаттау мақсатында Қытай мәдениеті мен әдебиеті залымен таныстырды.

Шара қонақтары мен қатысушыларының алдында Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығының екінші хатшысы Чень Сяньюнь ханым құттықтау сөз сөйлеп, барлығына бейбітшілік, өркендеу және амандық тіледі.

Іс – шарада Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің педагогтары шай рәсімі бойынша Ыкылас Рана және өнер бойынша Екпін Динар, Мусапархан Бақжанат шебер сағатын өткізді. Колледж оқушылары қытай ұлттық биін көрсетіп, қытай тілінде мерекелік ән шырқалды.

Залда ұсынылған «Қытай әдебиетінің сөз-маржаны» тақырыптық кітап көрмесіне Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы Қадай Қамия шолу жүргізді.  Сондай-ақ, кездесу қонақтары үшін кітапхана қызметкерлері мәдениеті, әдебиет және қытай каллиграфия өнері бойынша викторина өткізді.  Байқау қорытындысы бойынша викторинаның белсенді қатысушыларға Алматы қаласындағы Қытай Бас консулдығынан сыйлықтар табыс етіліп, ұжымдық фотосуреттер түсірілді.

Мерекелік іс-шараға оқырмандар, Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің студенттері және кітапхана қызметкерлері қатысты.

1dc571b7 fd29 4249 9ba3 edf8bca992da   9de583e1 033d 4cc7 a87e c1535db188a8   3732df3f 28bd 4c8d ad26 205340030477   79a1c616 7581 4fe5 88f2 4322c100fee3