1 ақпанда Н. Дәулетова атындағы залында Әдебиет академиясы залының жұмысы форматында және «2023 жыл – Түркістан өркениетінің даму жылы» аясында қазақстандық 20 жас ақынның жүз өлеңі өзбек тіліне аударылып, жарық көрген «Юз шеър» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараның модераторы – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы «Жас қалам» бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан.
Шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы құттықтау сөзбен ашты.
Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев және ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «Юз шеър» кітабына өлеңдері енген қазақстандық жас ақындарды құттықтап, екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың нәтижесінде атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар Өзбекстан елшілігі Өзбекстан Жазушылар одағы басып шығарған ақын, ойшыл, пәлсапашы, мемлекет қайраткері Әлішер Навоидің Хамса «Ләйлі мен Мәжнүн» кітабын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.
Лента қию рәсіміне: Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Өзбекстанның Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев, Ұлттық кітапхана директоры, Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы; белгілі кәсіпкер, меценат Ұзақбай Рүстем қатысты.
Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Арман Қалыбеков, Өзбекстанның Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаев, белгілі кәсіпкер, меценат, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Ұзақбай Рүстем, Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Абай Арап және «Тұлға-достық» клубының мүшелері.
Шара аясында «Юз шеър» кітабына өлеңдері енген қазақстандық жас ақындар Жангелді Неміребай, Арайлым Мұраталиева, Ұлан Ысқақ өлең жолдарын оқыды. Аталмыш кітап Алматы қаласындағы кітапханалар қорына табысталды.
Сондай-ақ, шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Өзбекстан Республикасының елшісі Саидикрам Ниязходжаев пен Алматы қаласындағы бас консулы Аброр Фатхуллаевқа кітапхана залдары бойынша экскурсия жүргізді.Іс-шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |