+7 (727) 267-28-83

35d4eb1e 6c29 424f 8692 527d4cfe1be5

19-23 қаңтар аралығында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Тегеран қаласында өткен (Иран Ислам Республикасы) ықпалды әйелдердің I Халықаралық конгресіне қатысты.

Конгресс алдында Ұлттық кітапхана директоры Б.Оспанова Иран Президенті Эбрахим Раисидің Конгреске қатысушылармен кездесуіне қатысты. ⠀

Конгреске Еуропа, Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінен бірінші ханымдар – мемлекет басшыларының әйелдері, министрлер мен парламентшілердің жұбайлары, сондай-ақ қоғамдық және экономикалық өмірдің әртүрлі салаларында жетістіктерге жеткен әйелдер қатысты. ⠀

Конгресс әйелдерге қатысты кемсітушілік пен зорлық-зомбылықты жою шараларын әзірлеу және қабылдау мақсатында өтті. «Кәсіпкерлік және экономика», «Әлеуметтік және қайырымдылық қызмет», «Ғылым және техника» тақырыптары талқыланды. ⠀

Халықаралық ықпалды әйелдер қауымдастығын, әйелдер мен балаларды қолдау қорын, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік саласындағы әйелдерге мамандандырылған оқыту мен білім беруді кеңейту платформасын құру мәселелері қаралды. Конгресте ықпалды әйелдерді прогрессивті БАҚ-на ұсыну үшін халықаралық құрылым құру, қатысушы елдер үшін кез келген қысым көрсетушілікпен әділетсіздікке қарсы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың қолайлы тетігін әзірлеу, ЮНЕСКО-ның қатысуымен ықпалды әйелдерге арналған халықаралық марапаттарды тағайындау туралы ұсыныс айтылды.

иран   иран2