+7 (727) 267-28-83

ДИ

27 қаңтарда Н. Дәулетова атындағы залда қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Көркемдік әлемінің көш басында» атты шығармашылық кездесу өтті.

Шараның модераторы қаламгер-журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Құлкенов Мереке Әбдешұлы.

Салтанатты шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Сөз сөйлеген қонақтар: белгілі жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Бексұлтан Нұржекеев; сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақ; жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балғабаев Сұлтанәлі Базарбайұлы; белгілі журналист, Қазақ ПЕН клубының президенті Ғабдуллин Бигелді Қайырдосұлы; Халықаралық Бизнес Академиясы колледжінің кітапханашысы Үсенбай Айдана Сағындыққызы;           

Шарада Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері Құралбек Рамазан, Сейілбек Нурсауле, Бекболатқызы Қуаныш, Қалдыбай Ерасыл және Алматы темір жол көлігі колледжінің студенттері Нұрқасымов Абзал, Бақберген Орынбасар, Сарыбаев Қадырбай, Маратова Аружан өлең жолдарын оқып, С. Ж. Асфендияров атындағы  Қазақ ұлттық медицина  университетінің  студенті Орынбасар Тәңірберген мен Алматы темір жол көлігі колледжінің студенттері Қуанышқызы Айым, Сақташ Берік әнмен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады. 

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Дулат Исабековтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Көркемдік әлемінің көш басында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Жиынға Қазақстанның белгілі жазушылары мен ақындары, қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, Алматы қаласының кітапханашылары, оқырмандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

25d2c1b0 fb9b 4335 b800 45e1f96ab759   a6d09498 04e0 4223 ac15 62239bc2bc97   7ad92a03 615b 4db0 b51c 231ffed2c2f8
57a7aab9 2976 4964 8f23 1390abb816fd   eb8d4383 2e42 4b5a 990b 4d95c83b8731