25 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қ. Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн мырза, Венгрия консулы Петер Имре Шиклош мырза, «Келет» АҚ Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Венгрия мәдени орталығының төрағасы, Алматы қаласы өнеркәсіпшілер және жұмыс берушілер одағының вице-президенті Папп Александр Адальбертович мырза және Венгрия қауымдастығының мүшесі Папп Морика ханым келді.
Сапар барысында өзара тиімді мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ Венгрияның Бас консулдығынан кітапхана қорына: «Венгрия, оның округтері және монографиясы» /1896-1914 жж./ 26 томдық энциклопедиясы және Жиынтық том (ағылшын тілінде) сыйға тартылды.
![]() |
![]() |