+7 (727) 267-28-83

0379e4e4 3850 4268 b375 6807d088a9db

25 қаңтарда Әлем әдебиеті залындағы Ресей кітап бұрышында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығы мен Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігінен ҚР Ұлттық кітапханасына кітаптарды сыйға тарту дәстүрлі рәсімі өтті.

Жаңа кітаптар жинағы 25 қаңтарда Ресей студенттерінің күні ретінде атап өтілетін «Татьяна күні» қарсаңында берілді.

Кітаптарды сыйға тарту шарасына Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының дипломаттары: Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулы Е.П. Бобров, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастық өкілі, консул Т.В.Барышникова қатысты. Аталған іс-шараның модераторы ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х. Юсупова болды.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова құттықтау сөзбен ашты.

 Ұлттық кітапханаға Ресей тарихы мен мәдениеті туралы әдебиеттер, көркем әдебиет, білім мен ғылымның түрлі салалары, соның ішінде: орыс тілі, филология, әдебиеттану, кітапханатану бойынша 326 дана көлемінде ғылыми әдебиеттер сыйға тартылды. Бүгінгі топтамадағы әдебиеттер қатарында сериялық басылымдар: «Русская культура»; «Эксклюзивная новая классика»; «Русская классика»; «Русские судебные процессы»; «Российская государственная библиотека»; Маргарита Ивановна Рудоминоның туғанына 120 жыл толуына орай 2 томдық «Великий библиотекарь»; «Библиографическая деятельность Российской Государственной  библиотеки»; «Библиотечная наука в XXI веке. Содержание, организация, цифровизация и наукометрия»; Л.И.Фурсенконың «Издательское, библиотечное и библиографическое дело в годы Великой Отечественной войны (1941-1945)» және т.б. кітаптар сыйға тартылды.

Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Е.П. Бобров өз сөзінде барлық қатысушыларды «Ресей студенттерінің күнімен» құттықай отырып, ҚР Ұлттық кітапханасының әкімшілігіне ұзақ жылғы екі ел арасындағы ынтымақтастық үшін алғысын білдірді. Консул Т.В. Барышникова оқырмандарды сыйға тартылған әдебиеттермен таныстырды. Сондай-ақ, әл-Фараби ат. ҚазҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, Орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры Б.У.Жолдасбекова сөз сөйлеп, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының Бас консулдығына Университетке сыйға берілген кітаптар үшін алғысын білдірді.

Салтанатты рәсімге Алматы қаласы Әкімдігі аппаратының сыртқы байланыстар және лингвистика бөлімінің жетекшісі А.Т. Әлмұханов, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің ұстаздары, Алматы қаласының ОКЖ қызметкерлері, ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Барлық қонақтар жаңа әдебиеттермен танысып, естелік суретке түсті.

a1b4e53a 2c98 44a8 b8a6 30ea0452ba93   2d872495 a84d 4b25 970e 9cb3bf3c7f72
3dabdc70 a942 4873 99bf 1f6b4dade658   80ce14de bd7b 47b3 ba8c 15a2c3b1711a