+7 (727) 267-28-83

эмблема турк

Әлем әдебиеті залында Түркі мемлекеттері ұйымы жариялаған «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» аясында «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Түркі мемлекеттері ұйымы – 1992 жылы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі ретінде құрылған және түркі халықтары арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың халықаралық ұйымы болып саналады. 2009 жылдың 3 қазанында ол Түркі кеңесі болып өзгертілді, кейін 2021 жылы «Түркі мемлекеттерінің ұйымы» деген жаңа атауын алды. Ұйымға бес мемлекет мүше болды. Олар: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, бақылаушылар – Венгрия және Түркіменстан.

2022 жылдың қараша айында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» деп жарияланды.

Түркі өркениеті. Түркі дәуірінің басты мәні – түркі тайпалары одақтары адамзат тарихында өшпес із қалдырды. Олар әлемдік өркениетке ерекше көшпелі мәдениет берді. Көшпелілікті отырықшы өмірмен ұштастырған түркі тайпалары, екі континенттің экономикалық және мәдени жетістіктерінің нәтижелерін бойына сіңірді. Біздің тарихымыз үшін үш үлкен ортақ түркі дәуірі маңызды болды: Хун империясы дәуірі, ежелгі түріктер (Түрік қағанаттары) және Алтын Орда (Ұлыс Жошы) дәуірі. Қазіргі қазақтар ежелгі сақтардың, ғұндардың, түріктердің ұрпақтары болып табылады және олар ғаламды тербеткен арғымақ тұяқтарының дүбірі болды. Бұл – Есік қорғанынан күміс тостағанда сақталған көне ескерткіштер, жазулар растайтын шындық. Орхон, Енисей, Талас аңғарларынан Түрік қағанаты дәуіріндегі руникалық жазбалар болған. Алтын Орда дәуірі қазақ халқының тарихындағы шешуші кезең болды. Дәл осы кезеңде, кейіннен «қазақтар» деп аталатын біртұтас этногенетикалық қауымдастық қалыптасты. Бұл империяда қазіргі Қазақстанды мекендеген барлық халықтар бейбіт өмір сүрді.

Кітап көрмесінің мақсаты – түркі әлемінің бірлігі, теңдігі және бауырластығы идеясын насихаттау. «Түркі әлемінің бірлігі» көрмесінде түркілердің тарихы мен түркі өркениетінің эволюциясы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы материалдар мен басылымдар қойылған.

Көрме үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі «История тюркской цивилизации», ол әлемінің энтогенезімен байланысты өркениеттің пайда болуын ашады, оны Л.Н. Гумилев «Древние тюрки», Р.Рахманалиев «Империя тюрков», «История великой цивилизации», М.Аджи «История тюрков» және т.б. еңбектерінде зерттеген.     

«Түркі халықтарының мәдени мұрасы» бөлімінде түркі және түркітілдес халықтардың өткен және қазіргі замандағы тілдерін, әдебиетін, фольклорын, этнографиясын зерттейтін ғылыми гуманитарлық пәндер кешені ұсынылған. Бұл кітаптар: С.Малов «Памятники древнетюркской письменности», В.Бартольд «Тюрки», О.Сүлейменов «Тюрки в доистории», Б. Овчинникова «Тюркские древности Саяно-Алтая в VI-X веках», Халықаралық Түркі академиясының материалдары, түркология бойынша басқа да көптеген басылымдар.

«Қазіргі әлем және түркітілдес мемлекеттер» бөлімінде түркі елдерінің қазіргі саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы мен олардың даму бағыттары ашылады. Мұнда ресми құжаттар, халықаралық ұйымдардың материалдары: Түркі мемлекеттері ұйымы, Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі академиясы, Түркі мәдениеті мен мұрасы халықаралық қоры (IFTKN) және басқалар. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы көрмеге ағылшын, қазақ, орыс, түрік тілдеріндегі әдебиеттер қойылған.

Баршаңызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!