Мерзімді басылымдар оқу залында Түркі мемлекеттер Ұйымы жариялаған "2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы" аясында "Түркі халықтарының өткені мен бүгіні" атты көрме ұйымдастырылды.
Мерзімді басылымдар оқу залында Түркі мемлекеттер Ұйымы жариялаған «2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы» аясында «Түркі халықтарының өткені мен бүгіні» атты көрме ұйымдастырылды.
Қазақстан - түркі тарихының ажырамас бөлігі. Түркі әлемінің таңдануға тұрарлық ұлы тарихы, ұлы бабалары, теңдесі жоқ байлығы бар.
Түркі халықтарының тарихы түркі өркениетінің тек мемлекеттік құрылымдары ғана емес, этногенетикалық, саяси, құқықтық, философиялық, мәдени және т. б. интеграциялық қауымдастық құрудың жоғары қабілеттілігін айқындайды.
Орталық Азия аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің түркі халықтарының қалыптасуы мен олардың сана-сезімінің ортақтығын қалыптастыруда маңызы зор болды. Қазақстан бауырлас халықтарымыздың мәдени және рухани жақындасуының нағыз жүргізушісіне айналды.
Тарихи аренада Түркиямен бірге түркі әлемінің жаңа тәуелсіз мемлекеттері – Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қырғызстан пайда болды.
Түркі мемлекеттерінің ұйымында 2023 жыл түркі өркениетінің даму жылы деп жарияланды.
Көрмеде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бірегей қорынан мерзімді басылымдарда жарияланған түркі өркениетінің қалыптасуы мен дамуы туралы материалдар ұсынылды. Онда 1930 жылдардағы газеттер мен журналдар, әзірбайжан, өзбек, қырғыз, түрік және қазақ халықтарының тарихы, экономикасы және мәдениеті туралы мақалалар бар. Көрме ғалымдар, түркі зерттеушілері және қалың оқырмандарға қызықты болары сөзсіз.
Көрмеге шақырамыз!