+7 (727) 267-28-83

тюрк

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы оқу залында Түркі өркениетін дамыту жылы аясында «Түркі өркениеті тарих беттерінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде «2023 жыл – түркі өркениетінің даму жылы» болып жарияланды.

Түркі әлемі ұзақ уақыт бойы әлемдік тарихтың, мәдениет пен өркениеттің барысы мен дамуына орасан зор әсер еткен қуатты мәдениеттер мен өркениеттер пайда болған және дамыған бірегей орын болды.

Қазіргі түркі өркениетінің даму үрдісі оның кешенді сипатына байланысты. Ең алдымен, тіл білімі аясында өркендеген түркітану біртіндеп түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті, фольклоры бойынша зерттеулермен, сондай-ақ философия, теология және әлем танымы сияқты ғылыми бағыттардан сирек, бірақ маңызды мәліметтермен толықтырылуда. Күн сайын түркология тарихын тұтас қарастырудың маңыздылығы артып келеді. Біріншіден, бұл ғылымның нәтижелері мен жетістіктерін қорытындылай және қалыптасу кезеңдері мен даму тенденцияларын ескере отырып, қазіргі заманғы талаптарға сәйкес пәннің мақсаттары мен міндеттерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Кітап көрмесінің мақсаты – ұлы тарихты таныту және дәріптеу, түркі әлемінің теңдесі жоқ байлығын, сондай-ақ түркі халықтарының жақындасуы мен бірігуін насихаттау. Түркі әлемінің өткені мен бүгінін зерттемей ғылымның болашағын көру, атап айтқанда, түркі өркениетінің даму келешегі үшін нақты мақсаттар мен міндеттер белгілеу мүмкін емес.

«Түркі өркениеті тарих беттерінде» кітап көрмесі түркі тіл білімінің дамуы, әдет-ғұрыптардың тарихы және түркі халықтарының пайда болуы туралы белгілі қайраткерлер мен түркологтардың жеке жинақтарынан алынған ғылыми басылымдарға үлкен үлес қосқан материалдарды ұсынады. Көрме ғалымдар, түркітанушы зерттеушілер және жалпы оқырманға арналған.

            Кітап көрмесіне шақырамыз!