+7 (727) 267-28-83

АШяхмет

15 желтоқсанда  ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ақын, жазушы, драматург, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шаяхмет Ақылбек Қожаұлымен шығармашылық кездесу және «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараны белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Қасымхан Бегманов, Орынай Жұмабаева, Марат Қапашұлы, Бақыт Беделхан.

Іс-шарада Ақылбек Қожаұлы «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабына тоқталып, өз шығармашылығынан сиясы кеппеген өлең жолдарын оқыды.

Сөз сөйлеген қонақтар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығының иегері  Қасымхан Бегманов, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұмабаева, техника ғылымдарының докторы, профессор, публицист Марат Қапашұлы, белгілі қаламгер Марат Тоқашбаев, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры Райхан Сахыбекқызы, «Құрмет» орденінің иегері Махмут Нәлібаев, "Қыр баласы" қоғамдық қорының жетекшісі Ертай Біләл және т.б.

Сонымен қатар, Ақылбек Қожаұлы «Ұлт ұйтқысы Ахмет» атты кітабын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына табыстап, немерелері өлең жолдарын оқыды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан Ақылбек Шаяхметтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қатысушылар: зиялы қауым өкілдері, ахметтанушы ғалымдар, ұлт ұстазы мұрасын насихаттаушылар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары мен студенттер, кітапханашылар және т.б.

4e84467a 8b5e 4d2f a086 9db3322d8e19   98e78ef6 991e 44bb a216 36a7a9fbb39e
33c8c12d 0e10 4bca a632 a47cb55e6a81   505f5bd3 725b 46c4 b7b2 797d51ee4e1d   216774de e280 4655 9309 d4df68dec653