+7 (727) 267-28-83

a891db53 86f7 4826 8ced 0000d786cc75

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Бекзаттық болмыс биігінен көрінсек» атты конференция өтті.

Шараның мақсаты – Ө. Жәнібековтың өмірі мен қызметін үлгіге ала отырып, өскелең ұрпаққа қазақ елінің тарихы мен мәдениетін насихаттау, ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, жастар мен қаламгерлер арасында диалог құру.

Шараны ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.  

Конференцияны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қырықбаев Арман Оразбайұлы ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін жеткізді.

Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуез, жазушы, баспагер, Баспа және полиграфия ісінің қайраткері, ҚР Білім беру ісінің үздігі Жарылқасын Нұсқабайұлы, «Реставраторлар одағы» қоғамдық қорының президенті Қанат Тұяқбай, «Ана тілі» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбай, белгілі зергер-суретші, реставратор, «Зерлеу» авторлық үйінің директоры Айжан Абдубайт, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи музей қорығының директоры Мәулен Садықбеков, тарих ғылымдарының кандидаты Баян Адырбек, аспаптанушы-этнолог, ҚР Мәдениет қайраткері Забира Жәкішева, музейтанушы, этнограф Сәуле Мерекеева және т.б зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, Өзбекәлі Жәнібековтың өмір жолы мен оның ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің сақталуы мен насихатталуына, жаңғыруы жолындағы батыл қадамдары мен ерен еңбеқтеріне тоқталды.

Сонымен қатар, конференция аясында Санжар Керімбай, Ербол Азанбек, Анар Тауетаева шараға қатысушы жастармен кездесіп, Өзбекәлі Жәнібековтің еңбек жолын зерттеу барысындағы тың ақпараттармен бөлісті. Өзбекәлі Жәнібековтің басшылық, ұйымдастырушылық, менеджірлік қабілеті жайынды ой-пікір алмасты.

Өзбекәлі Жәнібеков Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамының жандануына, киелі Тайқазанның Қазақстанға оралуына үлкен үлес қосқан көрнекті тұлға. Сондай-ақ, Ө.Жәнібековтың еңбегінің арқасында Ұлы даланың бірегей ескерткіштері сақталып, қалпына келтірілді.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Ұлтын ұлықтаған азамат» атты кітап көрмесі және Қазақстанның бірнеше аймақтарындағы мұражайлар қорындағы Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметіне қатысты құнды жәдігерлер көрмелері ұйымдастырылды.

bdbec0cd 5f84 419d 9c96 4850340b18e1   78b21dea fd5a 4ad7 a54c a47af8a033ee   374bcd65 c577 476c 82d5 3fb115661242    
9e51e8c3 0c18 470f b996 6e9cd312d7c0   e019c9d6 1600 43f6 b6a4 692c6e991473   Без названия