+7 (727) 267-28-83

ceabda52 9d08 4250 a794 00fc1aac6b18

8 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының қорытынды жиыны ретінде 12 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы филиалының жетекшісі  Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Бақытжамал Оспанова, Маралбек Ермұқамбет, Байғали Есенәлиев, Меруерт Бәкібайқызы.

Іс-шараны алғашқы құттықтау сөзбен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал  Қайырбекқызы ашты.

Іс-шарада Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі, «Тіл – құрал» ОӘҒЗО директоры Райхан Сахыбекқызы баяндама жасап, қатысушыларға «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясынан викториналық сұрақтар қойылып, «Ғасыр саңлағы» атты кітапты  оқырмандарға және кітапханашыларға сыйға тартты.

Сөз сөйлеген қонақтар: «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет бейнесін сомдаған белгілі актер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Есенәлиев Байғали Мақұлбекұлы; «Орхон» баспасының директоры Жәмиля Айдос; Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің «Тіл – құрал» ОӘҒЗО кеңесшісі Қайдар Байдыбекұлы; тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры Досалы Салқынбек; «Ахмет.Ұлт ұстазы» телехикаясының продюссері Айсәуле Әбілдә; А.Байтұрсынұлының жиеншары Тыныбекова Меруерт Бәкібайқызы; ҚР Ұлттық кітапханасы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі Бекпулатова Айхан Құдайбергенқызы және т.б.

Шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы ұжымына, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова мен қоғамдық белсенділерге Алғыс хаттар, тарихшылар мен әдебиетшілерге Торғайдан жеткен мерейтойлық марапаттар табысталды.

Қатысушылар: ахметтанушы ғалымдар, ұлт ұстазы мұрасын насихаттаушылар, БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары, кітапханашылар және т.б.

3c4b21f4 89b7 480b 8bf1 d7a239e2a607   1233c7b5 c9b1 4924 a2c7 2c2e9ed38651   6522b30d 9522 4c5d ac22 ba061054b65a
96a30617 2a58 44e0 b22a 8cc9939c4c54   ffaa316d dd50 4c72 8e77 1acd42272210   cdba10fc 66d0 4566 acfa 8b4f612788b4   272b2b73-835f-448c-a4dd-3b4e1e31b80d.jpg