+7 (727) 267-28-83

PHOTO 2022 12 02 14 55 31

2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары  Н. А. Искалиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-қалпына келтіру  зертханасының негізін қалаушы және жетекшісі Қырым Алтынбековтің 70 жылдығына арналған «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру және қайта құру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Н.А. Искалиева Ұлттық кітапхананың директоры Б.Қ. Оспанова мен  ұжымның атынан  Қ. Алтынбековті мерейтойымен құттықтап,  еңбекте табыс және сарқылмас шығармашылық шабыт тіледі.

ҚР Ұлттық кітапханасы мен «Қырым аралы» ғылыми – қалпына келтіру зертханасын кәсіби қоғамдастықтағы  берік және көпжылдық байланыстар  біріктіреді. Мәдени жазба мұраны сақтау келісім шарттың және ұзақ мерзімді бірлескен жобалардың мәні болып табылады.

Қырым Алтынбеков  Орталық  Азияның  археологиялық артефактілерінің реставратор-ғалымы болып саналады. Ол скиф-сақ мұрасы ежелгі көшпенділерінің атрибуттарын сақтаудың, қайта құрудың және қалпына келтірудің бірнеше әдістерін жасап,  патенттеді, қалпына келтіру мәселелері бойынша монографиялар мен ондаған мақалалар жариялады.