+7 (727) 267-28-83

30

2022 жылғы 30 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында  жазушы, драматург, дәрігер, ғалым Зейн Шашкиннің туғанына 110 жылдығына орай «Талмас талант» атты дөңгелек үстел және еске алу кеші өтті.

Шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы ашты. Кешті қоғам қайраткері, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы Алматы филиалының директоры, Нұрпейсіова Гүлдана Хасенқызы  жүргізді.

Баяндамашылар: «Этапы большого пути З. Шашкина: жизнь длиною в 110 лет».– филология ғылымдарының докторы, профессор Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы; «Зейін Шашкин шығармаларындағы психологизм филология ғылымдарының докторы, профессор Ержанова Сәуле Баймырзақызы; «Современные проблемы изучения литературных произведений ХХ века: от советского литературоведения к новейшей литературной критике (роман Темиртау)» филология ғылымдарының  кандидаты, М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Сыртқы әдеби байланыстар және аналитика бөлімінің меңгерушісі  Ананьева Светлана Викторовна; «Особый герой Зеина Шашкина (по роману «Наступило утро»)» филология ғылымдарының  кандидаты Кайрат Жаңабаев; «Поэтика романов Зеина Шашкина». филология ғылымдарының  кандидаты, доцент Шашкина Гүлжан Зейінқызы.

Сөз сөйлеген қонақтар:  З. Шашкиннің қызы Қарлығаш Зейінқызы; Денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары, «Белсенді ұзақ өмір сүру» қорының президенті Гүлшара Газизқызы Урмузина; Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Мақсат Қаңтарбаев; Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Георгий Георгиевич Корнилов және т.б. З. Шашкин   туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Илика Кучукова қобызда өнер көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан З. Шашкиннің  өмірі мен шығармашылығына арналған «Көркем сөз зергері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Қатысушылар: Алматы қаласы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, жазушының туыстары және жақын адамдары; студенттер мен магистрант, докторанттары және т.б.      

30013002