+7 (727) 267-28-83

29.0

2022 жылғы 29 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының  Н. Дәулетова атындағы залында  А.  Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор,  «Тіл жанашыры» төсбелгісінің  иегері, еңбек ардагері  Сейдін Бизақовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзінің құнары» атты тілтанымдық мектеп семинар және «Қазақ тілінің синонимдер сөздігінің» бесінші басылымының тұсаукесер рәсімі өтті.  

Іс-шараны А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: А.  Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзаберген Малбақұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Салқынбай, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Фаузия Оразбаева, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Саян Жиренов, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әмірбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Жеткерген және т.б.

Шара аясында қазақ тіл білімінің лексикология, лексикография, сөз мәдениеті,  түркітану саласында өнімді еңбек етіп, елеулі үлес қосып келе жатқан белгілі тілші-ғалым, әдіскер-ғалым Сейдін Бизақовтың ғылыми еңбектерінің көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, семинарда қазақ сөзінің қуаты мен құдіреті, көркемділігі, қазіргі жай-күйі мәселелері талқыланды. С. Бизақовтың қазақ сөзін көркейтуге қосқан үлесі мен жаңалықтары насихатталды.

Қатысушылар: филолог-ғалымдар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары,  Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары, Сүлеймен Демирел университетінің профессорлары, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ профессорлары, Қыздар ҰПУ профессорлары, жазушылар, редакторлар, студенттер, баспасөз тілшілері.

29.229.329.1