+7 (727) 267-28-83

857cdf53 6d63 4df9 8038 fe83bb07814d

25 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай, Шығыстанушы, Мысырдағы мәмлүктер тарихын зерттеуші,  арабтанушы -  Қайрат Сәкидің «Сұлтан Бейбарыс», «Ер қаруы-бес қару», «Юрта на вершине пирамиды» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Ғылым және инновация департаменті.

Шараны  «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшәдин Керімұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар:  профессор, доктор, Нұр-Мүбарак университеті ректоры Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди, Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбай, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының басшысы, «Жаңалық» саяси қуғын-сүргін музейінің аға ғылыми қызметкері, профессор Ғарифолла Әнес, профессор Сайын Бөрібасов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіндегі Арабтану орталығының директоры Еркінбек Керімұлы және т.б.

Шара соңында Қайрат Сәки өзінің жаңа кітаптарының мазмұнына қысқаша тоқталып өтті.

Қатысушылар: ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мемлекеттік органдардың белгілі өкілдері мен қайраткерлері, ҚР-дағы Шығыс елдерінің Елшілік өкілдері, Республикамыздың ЖОО-дағы жетекші ғалымдар, отандық және шетелдік шығыстанушылар, философтар мен филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар мен дінтанушылар және БАҚ өкілдері.

c139603e a280 4428 a330 fdebad291f5a   57c9f437 0909 44c4 9e16 4e231b7a9be2