+7 (727) 267-28-83

4277fa0d a6f1 4823 a26a e40ac93f8ae6

24 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының мәдениет атташесі Ван  Цинпин және Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының БАҚ  пен жұмыс жөніндегі маманы Чен Хуэйминь келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Бақытжамал Қайырбекқызы Оспанова Ван Цинпинге  жемісті ынтымақтастық, Қытай мәдениет және әдебиет орталығының жұмысына тұрақты қолдау көрсеткені, Қазақстан мен Қытай арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастырғаны,  үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ, сапар аясында директордың кітапханалық  жұмыстар  жөніндегі орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы Чен Хуэйминді Қытайдың мәдениет және әдебиет орталығымен таныстырып, оның қызметі туралы айтып берді.

cd26d249 fa29 40c3 adcc 732197d8396f   dfc0049b 6758 4639 804a 009566310320
b8265677 425d 4d91 88e6 374b31bfca53   c3ff8c03 db81 46aa bb48 642c106c3aef