22 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Литература России: вспоминаем классическую, открываем современную» атты Ресей кітап апталығы аясында заманауи жазушылар: Гюзель Яхина, Максим Замшев, Анна Эспарса және Анастасия Строкинамен баспасөз-конференциясы өтті.
Ресей кітап апталығын ҚР Ұлттық кітапханасының қолдауымен әдеби аударма теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпалдастыратын АКҰ «Аударма институты» және Алматы қаласындағы Ресей Ынтымақтастық өкілдігі ұйымдастырды.
Баспасөз-конференциясын ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар Хамитқызы ашты.
Спикер ретінде «Аударма институтының» атқарушы директоры Евгений Резниченко сөз сөйледі.
Шараға Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ұлықбек Есдәулет, Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының ғылым бөлімінің басшысы Валерий Толмачев қатысып, сөз сөйледі.
«Орыс әдебиеті: тарих және қазіргі заман» атты иллюстрациялық стендтердің көрмесі ұсынылып, орыс тарихшысы және мәдениеттанушы Анна Эспарса көрмеге танымдық шолу жасады.
Іс-шараға: ҚР Сыртқы істер Министрлігінің, ЮНЕСКО аясындағы «Мәдениеттерді жақындастыру орталығының», Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Альтаир» балалар кітабы академиясының және БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |