+7 (727) 267-28-83

АКК

18 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі, белгілі ақын, танымал журналист Төреғали Тәшеновтің мерейтойына орай әдеби басқосу және «Айттым құлдық, Қаламқас» жыр кітабының тұсаукесері өтті.  

Кешті белгілі актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан авторлары қоғамының бас директоры Есеналиев Байғали Мақұлбекұлы жүргізді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы сөз сөйлепҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Карин Ерлан Тынымбайұлының ақын Т. Тәшеновке Құттықтау хатын табыстады.

Лента қию рәсіміне қатысқандар:  Мәлік Отарбаев,  Бауыржан Жақып,  Шәміл Әбілтай,  Байбота Қошым-Ноғай.

Сөз сөйлеген қоңақтар: белгілі ақын,  филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып; ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Жанар Әбдікерімова; прозаик, «Айқын» газетіннің журналисі Нұрболат Адырбек; «Ана тілі» газетінің бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбай; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Кәдірбек Құныпияұлы;  журналист, «Созақ үні» газетінің бас редакторы Сәрсенбек Теңізбаев және т.б.

Шара барысында домбырашы, композитор, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаев пен белігілі әнші, мәдениет қайраткері Жұбаныш Жексенұлы өнер көрсетті.

Кештің соңында  Т. Тәшенов  қорытынды сөз сөйлеп, сиясы кеппеген жаңа жырларынан үзінді оқыды.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан автордың шығармашылығына арналған «Төреғали Тәшенов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Жаңа кітап іс-шара соңында  ҚР Ұлттық кітапханасының қорына сыйға тартылып, қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: Төреғали Тәшеновтің туыстары, ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, студенттер және  кітапхана оқырмандары.        

4ed905de 45f0 43f8 912d 8316c2905d20   155fe6ba ef2b 4abd 874e d063d03a5392
6442de8e 3ecb 4e47 833f 06789d9d85fe   3928413d a57f 424c 85a1 206f9c7dc62f