+7 (727) 267-28-83

Ұлттық библиография залының қорында кітапхананың құрастыруымен жарық көрген Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, әдебиеті мен өнері туралы іргелі  библиографиялық басылымдар мен ғылыми-көмекші құралдар, ретроспективтік, ұсыныстық және ағымдағы көрсеткіштер, қоғамдық ғылымдар, мәдениет, әдебиет, өнер мен тіл білімі жөніндегі реферативтік журналдар жинақталып, сақталынған.

Залда:

Библиографиялық басылымдар қоры: 

        - ретроспективтік ғылыми-көмекші библиографиялық көрсеткіштер;

        - ұсыныстық библиографиялық басылымдар:

        - «Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндерінің тізбегі»;

       - «Қазақстан өнері» сериясымен шығатын биобиблиографиялық көрсеткіштер;

        - ғылыми-ақпараттық басылымдар:

        - 6 серия: «Қоғамдық ғылымдар» реферативтік журналы;

        - 7 серия: «Мәдениет. Тіл білімі. Әдебиет. Өнер» реферативтік журналы.

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының шежірелері;

 «Қазақстантану» бас (қызметтік) жүйелік картотекасы (қазақ, орыс тілдерінде) ұсынылған.