+7 (727) 267-28-83

«Қазақстан кітаптары» қызметінің Ө.М. Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетіледі. Залда оқырмандарға анықтамалық кітаптар, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан кітаптар, толықмәтінді ғылыми дерекқорлар, Интернет, кітапхананың электронды каталогы және Ресей мемлекеттік кітапханасының диссертациялар электронды кітапханасы қолжетімді.

Сонымен қатар, ашық қорда физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Ө.Сұлтанғазиннің жеке кітапханасынан ғылыми еңбектері, монография және мақалалары, сондай-ақ ғалымның өмірі мен қызметі туралы фотосуреттер жиынтығы ұсынылған.