+7 (727) 267-28-83

АА

11 қарашада ҚР  Ұлттық кітапханасының 1-қабаттағы фойесінде Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, заманауи суретші Таңсық Мәжитованың «Адам. Дәуір. Уақыт» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, көрнекті прозашы Асқаров Әлібек Асылбайұлы ашып, Смағұл Елубай, Қали Сәрсенбай, Арман Халбеков лента қию рәсіміне қатысты. 

Қатысқан қонақтар: Смағұл Елубай, Дулат Исабеков, Қали Сәрсенбай, Софы Сматаев, Арман Халбеков, Алма Оңғасырова, Бақыт Қайырбеков, Еркін Нұразхан, Досым Сәтбаев, Ермахан Ибраимов, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, белсенді жастар, БАҚ өкілдері,  кітапханашылар мен кітапхана оқырмандары және т.б.

Тансық Мәжитова ─ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Адам мен қоғамның өзара іс-қимылын бейнелейтін қызықты заманауи суретші. Жиырма жылдан астам «Адам. Дәуір. Уақыт» атты жобамен айналысады. Осы жоба елдің саяси, экономикалық, рухани өмірінің маңызды жақтарын ашады. Суретші Қазақстанның көрнекті саяси қайраткерлерінің, жазушыларының, медицина, ғылым, мәдениет және спорт өкілдерінің портреттік галереясын жасайды. Олардың ішінде: Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Ф.Оңғарсынова, Г.Бельгер, Д.Исабеков, О.Сүлейменов, Б.Аюханов, Т.Әубәкіров, Ж.Үшкемпіров, Ж.Мәлібеков, Ю.Пя, Е.Хасанғалиев, А.Әшімов сияқты тұлғалар бар... Шебердің алдына қойған міндеті – жеке тұлғаның ішкі әлемін жеткізу, іргелі сипаттарға баса назар аудару.

Осы жоба аясындағы алғашқы көрме 2011 жылы Елордада өтті. Таңсық портреттер галереясы жыл сайын жаңа бейнелермен толықтырылуда. 10 жылдан кейін, 2021 жылы Астанада, содан кейін Қарағандыда 50-ге жуық портрет көрсетілді.

Бұл жоба идеясының авторы: өнертанушы Иванина Наталья Ивановна. Ол Тансықтың психологиялық портреттің шебері ретіндегі талантын көріп, замандас бейнесінің тамаша галереясын жасауға итермелеген. Ал жобаның өзгермейтін кураторы: жазушы, полиграфист Асқаров Әлібек Асылбайұлы суретшінің ерекше дарынын толық ашуға мүмкіндік берді.

Адамның рухани болмысына ене білуі - Таңсық талантының маңызды қыры.

«Адам. Дәуір. Уақыт» жобасы осы мыңжылдық басындағы Қазақстанның өлшеусіз рухани байлығы, болашаққа ұмтылған психологиялық портретіне айналды.

image 11 11 22 05 17 1   image 11 11 22 05 17 4   image 11 11 22 05 17 7   image 11 11 22 05 17 6
image 11 11 22 05 17 2   image 11 11 22 05 17 3   image 11 11 22 05 17 5