+7 (727) 267-28-83

f5dfde5f 8be0 4c38 828b 4bed990c9f43

4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасы Өнер бөлімінің жетекшісі Барманашева Жанат Әбылқасымқызы Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Байзақ аудандық орталық кітапханасында өткен кітапхана қызметінің сапалы нәтижелері мен жетістіктерінің тиімді технологияларын ұзақ мерзімді болжамдау бойынша «Кітапханалық тайм-менеджмент: кітапхана – ақпарат әлемінің провайдері» атты облыстық форсайт сессияға қатысты.

Сессияның мақсаты: кітапхана әлемі, жалпы қоғамдағы динамикалық өзгерістерін, кәсіби құндылықтарды ұдайы қайта бағдарлау, кітапхана ісіне жаңа тәжірибе жетістіктерін енгізу керектігін ескере отырып, жаңа жұмыс түрлерімен таныстыру, әлемдік кітапхана ісі тәжірибесін сараптау арқылы қызметтің жаңа әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларды еңгізу жұмыстарын кітапханашылар арасында кеңінен дәріптеу.

Сессия жұмысы аясында Ж.Ә.Барманашева «Кітапханалардың бірегей ақпараттық кеңістігін құрудың заманауи тенденциялары (ағымдары)» тақырыбында баяндама оқып, Ұлттық кітапхананың электронды кітапханалар мен деректер қорын қалыптастыру тәжірибесіне, қазіргі жетістіктеріне тоқталып өтті.

Кәсіби іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық кітапханалар басшылары, әдістемелік және қызмет көрсету бөлімдерінің меңгерушілері, кітапхана мамандары қатысты.

99f8f22f 18a1 49c1 a8aa ffe8b5943d53   1185cf9c e15b 4321 8055 8beea63bbd78