+7 (727) 267-28-83

86c7f405 1a80 45e7 8afe e19a05a348f0

4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен белгілі журналист Гүлсім Оразалықызының «Нұртас Оңдасынов» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл кітап – халқымыздың ардақты ұлдарының бірі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновқа арналған.

Шараны Алматы қаласы Мәдениет басқармасының өкілі Халбеков Арман Бейсенбайұлы құттықтау сөзімен ашып, белгілі қаламгер, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының  мүшесі  Құлкенов Мереке Әбдешұлы жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар:  сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы; қазақ радиосының ардагері, белгілі диктор Аманжан Еңсебайұлы; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұмабай Құлиев; ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының ғылыми - ақпараттық жұмыс бөлімінің басшысы Қаратаева Гүлнар Миронқызы; жазушы, журналист, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, оңдасыновтанушы Гүлсім Оразалықызы; «АБДИ Компани» АҚ негізін қалаушысы әрі президенті Бимендиев Әбдібек Шарбекұлы; «Нұртас Оңдасынов» атындағы қоғамдық қордың атқарушы директоры Бейсенбекова Нұраш және т.б.

Шара  барысында Нұртас Оңдасыновтың шөбересі Бимұхаммед Абдулла Бимырзаұлы «Адай» күйін орындады.

Қатысушылар: ақын-жазушылар, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.

5a5e941e 5206 406a 9ee8 62e8f7b3c699   09715fca f7cc 4e7e 93c1 fe3f75d3a48f
5952dae0 3aa9 4b02 9982 e151f8a5a750   f32d54b5 fa1e 4190 9607 3da1866bd331