+7 (727) 267-28-83

c89ce13d da1d 41c7 af16 852c15cef9e8

3 қарашада Н. Дәулетова атындағы залда  белгілі ақын, аудармашы, журналист Ғали Ормановтың 115 жылдық мерейтойы аясында Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен, «Мазмұндама» баспасынан жарық көрген Ресей жазушысы, кемеңгер, ойшыл Лев Толстойдың әйгілі трагедиялық «Анна Каренина» романының қазақ тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті.

Шараны Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Әбдікерімова Жанар Алпысбайқызы ашып, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары  Бақыт Беделхан жүргізді.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар: ақының қызы Жамиға Орманова; Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәкен Хамзин;  «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Қайрат Мәтіреков; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Алматы қаласындағы филиалының жетекшісі Сәуле Жиреншина.

Сөз сөйлегендер: Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Арман Қалыбеков; ҚР кино қайраткері, ҚР кинематографиясының үздігі, профессор Шаяхмет Имашұлы; филология ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, доцент, Ғали Ормановты зерттеуші, профессор Гүлжаһан Орда; Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Ғ.Орманов атындағы кітапханасының директоры Айкен Қарасаева; Жетісу облысының Ақсу ауданы орталық кітапханасы директоры  Дүйсекова Эльмира Жұмағазықызы және т.б.

Шара барысында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Қыздарбекова Гүлназ бен Ерімова Аружан ән салып, өнер көрсетті.

Сонымен қатар, іс-шараға ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ғали Ормановтың шығармашылығы мен өміріне арналған «Сырлы сезім ақыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Қатысушылар: Ғ. Ормановтың қызы, жақындары мен туыстары, зиялы қауым өкілдері, ақындар мен жазушылар, Астана қаласынан және Жетісу облысынан арнайы келген өкілдер, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, кітапхана оқырмандары және т.б.

2d616add 3f8f 4568 9fa3 715b768aedec   4c7e342a c4bc 4603 bc1b 2688798f71fd   6d595735 75a1 4a3c b48c bd47b64dcfd0
1a67485a e52f 4548 870f 0ce35ab64c6b   7e576547 61ed 4bd4 ac8f c5a6030a25df   af87ce06 df9b 4854 8a2e fd14fc537828